16.04.2026 11:21

Чемпиондар лигасының басты фавориті белгілі болды

16.04.2026 11:21

Чемпиондар лигасының жартылай финалистері белгілі болғаннан кейін Opta әр команданың топ жару мүмкіндігін жариялады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Арсенал» бастап тұр. «Зеңбірекшілердің» чемпион болу ықтималдығы 38.58%-ды құрайды. Екінші орынға «Бавария» (33.34%) жайғасса, үздік үштікті ПСЖ (19.10%) түйіндеген. Ал төртінші орында «Атлетико» (8.98%) тұр.

Жартылай финалда «Бавария» мен ПСЖ кездессе, екінші жұпта «Атлетико» және «Арсенал» күш сынасады. Ойындар 28-29 сәуір және 5-6 мамыр күндері өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram