29.01.2026 08:29
Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы анықталады
29.01.2026 08:29
Чемпиондар лигасы 8-турының «үздік ойыншысы» жүлдесінен дәмелі төрт футболшы белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Жоау Педро («Челси»), Андреас Шельдеруп («Бенфика»), Мәлік Тилльман («Байер») және Алексис Макаллистер («Ливерпуль») кірді.
Педро «Наполиге» (3:2), Шельдеруп «Реалға» (4:2), Тилльман «Вильярреалға» (3:0) және Макаллистер «Қарабахқа» (6:0) қарсы матчта дубль жасаған еді.
Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде анықталады. Ал өткен турда «Монако» (6:1) қақпасына бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор үздік деп танылған.