16.04.2026 08:31
Чемпиондар лигасы: «аптаның үздік ойыншысы» жүлдесіне үміткерлер
16.04.2026 08:31
Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчтары бойынша «үздік ойыншы» жүлдесінен дәмелі төрт футболшы белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Осман Дембеле (ПСЖ), Майкл Олисе («Бавария»), Дани Ольмо («Барселона») және Мартин Субименди («Арсенал») кірді.
Дембеле «Ливерпульге» (2:0) қарсы ойында дубль жасады. Олисе «Реал» (4:3) қақпасына бір гол соқты. Ал Ольмо «Атлетикоға» (2:1) қарсы бір нәтижелі пас берсе, Субименди нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде анықталады.