05.12.2025 15:43
Дамир Қасаболат «Қайратта» қалды
05.12.2025 15:43
Қазақстан құрамасының ойыншысы Дамир Қасаболат «Қайратпен» келісімшартын ұзартты

Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды жаңа келісімге қол қойды.
23 жастағы қорғаушы «Қайраттың» негізгі командасында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта 120 матчта «сары-қаралардың» намысын қорғады. Одан бөлек ол «Қайрат-Жастар» мен «Қайрат Мәскеуде» доп тепкен.
Сондай-ақ Дамир биыл қыркүйек айында Қазақстан Ұлттық құрамасында дебют жасап, бес матч өткізіп үлгерді.