28.07.2026 11:48

Дэнни Уэлбек «Челсиге» ауысуға жақын

28.07.2026 11:48

«Брайтон» шабуылшысы Дэнни Уэлбек «Челсиге» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, бас бапкер Хаби Алонсо тәжірибелі ойыншының командасына қосылуына қарсы емес.

Ал Николо Скира таратқан ақпаратқа сенсек, қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қоюға жақын.

Уэлбек «Брайтон» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. 35 жастағы Англия құрамасының бұрынғы форварды өткен маусым Ағылшын Премьер-лигасында 37 матчта 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Дэнни мансабында одан бөлек «Уотфорд», «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Сандерлендте» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram