03.11.2025 00:24

Дидар Сыдықбек «Таразға» барады

03.11.2025 00:24

Дидар Сыдықбек: Таразды ҚПЛ-ге шығарғым келеді

Дидар Сыдықбек жақын арада «Тараз» футбол клубының басшысы атанады. Бұл туралы Soqqy Live ютуб арнасына берген сұқбатында мәлімдеді.

«Атырау» футбол клубынан өз еркімен жұмыстан кеткен Дидар Сыдықбекке жаңа ұсыныс түскен. Маусым аяқталған бойда Жамбыл облысының әкімдігі жас маманға басшылық қызмет ұсыныпты. Дидар Сыдықбек «алдымен клубтағы мәселелердің шешімін тауып, қарқынды жұмысқа кірісеміз» - дейді.

Басты мақсат - Таразға футбол тойын қайта әкелу. Қалаға шет елден тәжірибелі ойыншылар мен командаларды шақыртып, шоу матч ұйымдастыру жоспарда бар екенін жеткізді. Футболдың тарихи астанасын қайтадан ҚПЛ-ге шығаруға тырысатынын айтты.

«Тараз» клубының қарыздары

Команданың қазіргі мәселесі қарыз екені жанкүйерлерге белгілі. Маусым басында 700 млн берешегі бар деген ақпарат тарады. Қазіргі таңда бұл сандар 2 есеге түсіпті. Дидар Сыдықбек «басшылыққа барған жағдайда бұл мәселені шешуге болады» - дейді. Жағдайды бюджетке байламай, қолдаушылар мен демеушілерді тарту арқылы шешеміз деп отыр.

«Тараз» клубы биыл Бірінші лигада 8-орынға тұрақтаған еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram