23.02.2026 17:33
Диего Симеоне «Интер» бапкері атануы мүмкін
23.02.2026 17:33
«Атлетико» бапкері Диего Симеоне «Интерді» тізгіндеуі мүмкін

El Chiringuito хабарлауынша, қос тарап Мадрид клубының «Эспаньолға» (4:2) қарсы матчынан кейін алдын-ала келісімге келіпті.
«Интер» Диегоға осы маусымнан кейін бір жылға жарамды болатын келісімшарт ұсынуға дайын.
55 жастағы аргентиналық маман «Атлетиконы» 2011 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында «матрасшылар» Испанияның екі дүркін чемпионы атанып, екі мәрте Еуропа лигасында топ жарды.