17.06.2026 20:20
Диогу Кошта топ-клубқа ауысуы мүмкін
17.06.2026 20:20
«Порту» қақпашысы Диогу Кошта клуб ауыстыруы мүмкін

Record хабарлауынша, «Челси» ұзақ уақытқа голкипер іздеп жатыр және Коштаға қызығушылық танытуда. Сондай-ақ оған ПСЖ көз тігіп отыр. Ал Лиссабонның клубы Диогуды 60 миллион еуроға бағалайды және бұл Әлем чемпионатында көрсеткен ойынына байланысты өсуі мүмкін.
26 жастағы Португалия құрамасының голкипері биыл аяқталған маусымда 49 матчта 27 гол өткізіп, 26 ойында қақпасына доп жібермеді.