01.10.2025 12:03

Джейми Каррагер: Вирц «Ливерпульдің» қосалқы құрамында қалу керек

01.10.2025 12:03

«Ливерпульдің» бұрынғы қорғаушысы Джейми Каррагер Флориан Вирцке қатысты пікір білдірді

– «Вирц қазір бабында емес. Ол әлі жас бала. АПЛ-ға келгені кеше, әлі-ақ «Ливерпульдегі» өз орнын табады.

Дегенмен қазіргі жағдайда оны қосалқы құрамда қалдыру дұрыс шешім болар еді. Команда ойын жүйесін әлі тапқан жоқ, бұл мәселе алғашқы матчтардан-ақ байқалды. «Ливерпуль» қалпына келгенше Вирцтің қосалқы құрамда отыра тұрғаны абзал», – деді Каррагер.

Айта кетейік, Вирц «Ливерпульге» өткен жазда «Байерден» 125 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта өткізген тоғыз матчында, тек бір ғана нәтижелі паспен көзге түсті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram