26.12.2025 14:48
Джеко клуб ауыстыруы мүмкін
26.12.2025 14:48
Эдин Джеко жақында «Фиорентинадан» кетеді

Бұл туралы Telegram.hr хабарлады. Қазір ол «Дженоамен» келіссөз жүргізіп жатыр екен. Генуя клубының бас бапкері Даниэле Де Росси 39 жастағы босниялық шабуылшыны өз командасында көргісі келеді.
Одан бөлек Джекоға «Кальяри», «Хайдук» және Италияның тағы бірқатар клубтары қызығушылық танытқан екен.
Эдин осы маусымда 18 матчқа қатысып, екі гол соқты. Ал 16 турдан кейін бар-жоғы тоғыз ұпай жинаған оның командасы «Фиорентина» Италия чемпионатында соңғы 20-орында келеді.
Еске салайық, Джеко мен Де Росси 2015-2019 жылдары «Ромада» бірге ойнаған еді.