26.12.2025 14:12
Дембеле жылдың үздік спортшысы атанды
26.12.2025 14:12
ПСЖ шабуылшысы Осман Дембеле Францияның 2025 жылдағы үздік спортшысы атанды

28 жастағы ойыншы дауыс беру нәтижесінде 803 ұпай жинап, топ жарды. Сондай-ақ үздік ондықтың қатарына футболшылардың арасынан тағы бір ПСЖ-ның ойыншысы Дезире Дуэ кірді. Ол 71 ұпай еншілеп, тоғызыншы орыннан көрінді.
Дембеле ПСЖ-мен өткен маусымда тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол France Football нұсқасы бойынша «Алтын доп» жүлдесін иеленді.