26.12.2025 12:21
«Манчестер Сити» ойыншысы «Барселонаға» ауысуы мүмкін
26.12.2025 12:21
«Манчестер Сити» қорғаушысы Натан Аке осы қыста клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 30 жастағы Нидерланд ойыншысын «Барселона» маусым соңына дейін жалға алғысы келеді.
Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Борнмут», «Кристал Пэлас», «Фулхэм» және «Вест Хэм» бар екен.
Аке осы маусымда 13 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.