26.12.2025 12:39
АПЛ клубы бас бапкерсіз қалады
26.12.2025 12:39
Оливер Гласнер маусым соңында «Кристал Пэластан» кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 51 жастағы аустриялық бапкер клубпен 30 маусымда аяқталатын келісімшартын ұзартпайды.
Гласнер Лондонның ұжымын 2024 жылдың ақпан айында тізгіндеген еді. Осы аралықта команда 43 рет жеңіске жетіп, 24 мәрте тең түсіп, 23 матчта қарсыласына жол берді. Сондай-ақ оның тұсында «қырандар» Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.