21.07.2026 19:33
Джошуа Зиркзее Италияға оралуы мүмкін
21.07.2026 19:33
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Джошуа Зиркзее Италияға оралуы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, оған «Ювентус» көз салып отыр. «Бьянконери» бас бапкері Лучано Спалетти оның ойынына тәнті және өз командасында көргісі келеді. Ал манкуниандықтар 35-40 миллион еуро көлемінде ұсыныс түсіп жатса ойыншысын сатып жіберуге дайын.
25 жастағы Нидерланд форварды «қызыл сойқандардың» қатарына 2024 жылы «Болоньядан» 42,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 26 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.