21.07.2026 15:23
Родри «Реалға» ауысуды армандайды
21.07.2026 15:23
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Реалға» ауысқысы келеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Родри «бланкос» жейдесін киюді армандайды. «Манчестер Сити» оған сәуір айында келісімшарт ұсыныпты, бірақ Родри оған қол қоймай «Реалдан» ұсыныс күтіп отыр. Ал Мадрид клубының президенті Флорентино Перес трансферді болдыртпай келеді екен. Бірақ Әлем чемпионатынан кейін оның ойы өзгеруі бек мүмкін.
30 жастағы Испания құрамасының ойыншысы биылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы атанып, «Алтын доп» алған еді.