28.10.2025 08:30

Джуд Беллингем «Барселонаға» қарсы тарихи нәтиже тіркеді

28.10.2025 08:30

«Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем соңғы бес «эль класикода» командасына үш рет жеңіс сыйлады.

Англиялық футболшы Ла Лигадағы басты кездесудің шешуші сәттерінде көзге түсіп, маңызды ұпайды қоржынға салған еді. Күні кеше жеңіс голын қарсылас қақпасына тоғытып, турнирлік кестедегі жағдайды реттеді.

Бұған дейін де Беллингем 2023 және 2024 жылдардағы матчтарда дәл осындай нәтижелі соққыларымен көзге түскен. 2023/24 жылғы маусымда Ла лиганың 11-туры аясында өткен ойында Джуд дубль авторы атанып, жеңісті жұлып алған еді (1:2). Ал, 32-турдың тартысты кездесуінде соңғы минутта гол соғып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлаған (3:2).

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram