27.10.2025 15:26
Ямаль Эль-Класиконың ең нашар ойыншысы атанды
27.10.2025 15:26
Ла Лиганың 10-турында «Реал» «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді

Marca газетінің пайымынша, Ламин Ямаль бұл Эль-Класиконың ең нашар ойыншысы атанды. Испанияның басылымы 18 жастағы шабуылшының ойынына 4 деген баға берді.
Ал матчтың үздік ойыншысы деп Джуд Беллингемді таныды. Бір гол соғып, Килиан Мбаппеге бір нәтижелі пас берген ағылшын жартылай қорғаушысы тоғыз ұпайға ие болды.
Айта кетейік, Ла Лиганың ресми нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы – Килиан Мбаппе.