27.10.2025 13:52

Суперкомпьютер Ла Лиганың басты фаворитін жариялады

27.10.2025 13:52

Opta суперкомпьютері 10-турдан кейін Испания чемпионы атануға басты үміткер клубтарды атады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Реал» бастап тұр. Мадрид клубының топ жару мүмкіндігі 68,91%-ды құрайды.

Сондай-ақ «Барселона» (25,76%) екінші орынға жайғасса, үздік үштікті «Атлетико» (3,40%) түйіндеді.

Турнир кестесінде 27 ұпай жинаған «бланкос» көш бастап тұр. Оны өкшелеп келе жатқан «блаугрананың» еншісінде 22 ұпай бар. Ал қосымша бір ойыны бар бола тұра 16 ұпайға қол жеткізген «Атлетико» бесінші орынға тұрақтаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram