27.10.2025 12:19
«Реал» ойыншысы MLS-ке ауысуы мүмкін
27.10.2025 12:19
«Реал» қорғаушысы Давид Алаба мансабын MLS лигасында жалғастыруы мүмкін

Себастьен Видальдың мәліметінше, аустриялық қорғаушыға «Нью-Йорк Сити» қызығушылық танытуда.
«Қалалықтар» 33 жастағы футболшыны келер қыста қатарына қосып алуды көздейді.
Айта кетейік, Алабаның Мадрид клубымен келісімшарты алдағы жазда күшін жояды. Әзірге оны ұзарту жөнінде келіссөз жүріп жатқан жоқ