27.10.2025 11:17

Джуд Беллингем рекорд жаңартты

27.10.2025 11:17

Ла Лиганың 10-турында «Реал» «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді

Бұл матчта Джуд Беллингем 22 жас 119 күнінде бір гол соғып, Мбаппеге бір нәтижелі пас берді.

Осылайша XXI ғасырда Эль-Класкиода гол+ассист жасаған «Реалдың» ең жас ойыншысы атанды. Бұған дейінгі рекорд 2023 жылдың сәуірінде тіркеген Винисиус Жуниорға (22 жас 267 күн) тиесілі еді.

Беллингем осы маусымда сегіз матчқа қатысып, екі гол мен бір ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram