23.09.2026 20:57
Эдегор «Арсеналмен» келісімшартты ұзартуға жақын
23.09.2026 20:57
«Арсенал» жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор клубта қалады

TEAMtalk хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзартуға жақын. Эдегордың өзі Лондонның клубында біраз ойнағысы келеді.
Бұған дейін «зеңбірікшілер» бас бапкер Микель Артетамен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзарту туралы келісімге келген еді.
Эдегор «Арсенал» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. 27 жастағы норвегиялық жартылай қорғаушы осы маусымда сегіз матчқа қатысып, төрт гол соқты. Ал қазіргі келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.