16.12.2025 14:07
Энцо Мареска барлық жағдайға дайын
16.12.2025 14:07
Мареска «Челсиден» кетуге дайын

«Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска клубтан кетуге дайын. Барлық шешіммен келісетінін жеткізді.
Дереккөздің мәліметінше, егер клуб Марескамен қоштасу туралы шешім қабылдаса, ол қарсы болмайды. Қазіргі уақытта бапкер мен клуб басшылығы арасында елеулі шиеленіс бар, ол трансферлік саясаттағы келіспеушіліктер салдарынан туындаған. Мысалы, Мареска клубтан «Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы Кобби Майнуны сатып алуды сұраған, алайда бұл өтініш қабылданбаған.
16 турдан кейін «ақсүйектер» Премьер-лигада 28 ұпай жинап, 4-орында тұр.