16.12.2025 13:59

Хавидің кезекті сапары Англия болуы мүмкін

16.12.2025 13:59

«Барселонаның» аңызы АПЛ-дің топ-клубымен келіссөздер жүргізді

«Барселонаның» бұрынғы бас бапкері Хави Эрнандес мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. Аңызға айналған футболшының қызметіне екі топ-клуб қызығушылық танытып отыр.

Дереккөз мәліметінше, 45 жастағы испаниялықтың агенттерімен Лондонның «Челси» және «Тоттенхэм» клубтары байланысқа шыққан. Егер «Тоттенхэм» жағдайды барлап қана қойған болса, «Челсидің» маманға деген нақты қызығушылығы бар.

Сондай-ақ «Челси» «Барселонаның» аңызымен бірнеше апта бойы келіссөздер жүргізіп келе жатқаны айтылуда. Егер клуб Энцо Маресканы қызметінен босату туралы шешім қабылдаса, оның орнына негізгі үміткер ретінде дәл Хави қарастырылады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram