16.12.2025 13:35
Аморим ойыннан кейін пікір білдірді
16.12.2025 13:35
Рубен Аморим: «Бізге жаңа қорғаушылар керек деп ойламаймын»

«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Рубен Аморим АПЛ аясында «Борнмутқа» қарсы өткен матчтан (4:4) кейін қорғаныс шебіне мүмкін болатын трансферлердің қажеттілігі туралы пікір білдірді.
«Жоқ, бізге жаңа қорғаушылар қажет деп ойламаймын. Бізде талантты ойыншылар бар. Қорғаныс шебінде сапалы футболшылар ойнап жүр. Бізге команда ретінде жақсырақ қорғану керек», - деді Аморим.
Рубен Аморим шәкірттері келесі турда 21 желтоқсан күні «Астон Виллаға» қонаққа барады.