16.12.2025 13:30

«Милан» жұлдызына ота жасалады

16.12.2025 13:30

«Милан» шабуылшысы Сантьяго Хименес қатарға әлі қосылмайды

24 жастағы Мексика форвардын біраздан бері оң аяғының тобығы мазалап жүрген еді. Ол тіпті жарақаты бола тұра бірнеше ай ойнаған екен. Бірақ кейінгі кезде қатты асқынып, салдарынан соңғы жеті матчқа қатыспады.

Хименес Нидерландтағы мамандармен кеңесе келе, ота жасату туралы шешімге келіпті. Операциядан кейін ол тағы бірнеше апта бойы командасына көмектесе алмайды.

Бұл оның мансабындағы 7-жарақаты болды. Бүгінге дейін 176 күні емделуге кетіп, 31 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 11 матчқа қатысып, бір гол мен бір ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram