16.12.2025 13:01

«Ливерпульдің» бұрынғы бапкері Саудия клубын тізгіндейді

16.12.2025 13:01

Брендан Роджерс «Әл-Кадисия» бас бапкері атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2,5 жылға жарамды келісімшартқа қол қойды. Жақында ресми хабарланады екен.

52 жастағы Солтүстік Ирландия маманы 27 қазан күні «Селтиктегі» қызметінен кеткен еді. Одан бөлек ол «Уотфорд», «Рединг», «Суонси Сити», «Ливерпуль» және «Лестер Ситиді» баптаған.

Тоғыз турдан кейін 17 ұпай жинаған «Әл-Кадисия» Саудия чемпионатында бесінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram