12.06.2026 07:59
Эндо Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
12.06.2026 07:59
Жапония құрамасының жартылай қорғаушысы Ватару Эндо халықаралық футболдағы мансабын аяқтады

Кеше, 11 маусым күні 33 жастағы «Ливерпуль» ойыншысының жарақатына байланысты Әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған еді. Осыған байланысты ол Жапония командасынан кетуді жөн көрді.
Эндо ұлттық құраманың жейдесінде алғаш рет 2015 жылы алаңға шыққан. Ол содан бері 73 матчта төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.