08.06.2026 00:48
Эриксеннің жағдайы белгілі болды
08.06.2026 00:48
«Вольфсбургте» ойнайтын Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен Украинаға қарсы жолдастық кездесудің 66-минутында талып қалды

Матчтан кейін даттықтардың дәрігері Мортен Боэсен оның жағдайына қатысты пікір білдірді.
«Кристианның жағдайы жақсы және алаңнан өз аяғымен кетті. Меніңше, кардиостимулятор дұрыс жұмыс істеп тұр. Ол бір сәтке есін жоғалтып, бірден өз-өзіне келді. Енді мұның себебін анықтау үшін емханада тексерілуден өтеді. Біз дәрігерлермен әрқашан байланыста боламыз. Алайда Кристианда бәрі жақсы. Ол маған ойыншыларға сәлем айтып, өзін жақсы сезінетінін жеткізуді өтінді»,– деді Боэсен.
Осы оқиғадан кейін матч жалғаспады. Ал Эриксен осымен екінші рет матч кезінде есін жоғалтып алды. Бұған дейін Еуро-2020 турниріндегі Финляндияға қарсы матчта жүрегі тоқтап қалған.