21.07.2026 20:00
FIFA биылғы Әлем чемпионатынан қанша табыс тапты?
21.07.2026 20:00
FIFA 2026 жылғы Әлем чемпионатын өткізу арқылы ақшаның астында қалды

Estadao хабарлауынша, халықаралық ұйым бұл додадан жалпы 13 миллиард доллар тапты. Алғашында мақсат 11 миллиард болған екен, бірақ команда санының артуы және билет бағасының қымбат болуына байланысты кіріс ойлағаннан да асып түсті және футбол тарихындағы ең табысты турнир болды. Бұл өткен 2022 жылғы Қатардағы мундиальмен салыстырғанда (7,5 миллиард доллар) едәуір көп.
Енді FIFA 2030 жылы қатысушы құрама санын 64-ке көбейтіп, бұдан да көп қаржыға кенелетініне сенімді. Келесі жаһан додасын Испания, Португалия және Марокко қабылдайды. Сондай-ақ жарыстың 100 жылдығына орай бастапқы матчтар Уругвай, Аргентина және Парагвайда да болады.