22.07.2026 17:16
Фил Фоден «Манчестер Ситиде» қалды
22.07.2026 17:16
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден клубта қалады

Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Фоден – «Манчестер Сити» түлегі. 26 жастағы англиялық жартылай қорғаушы өткен маусымда 50 матчта он гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.