18.12.2025 18:38
Финалиссима қашан өтетіні белгілі болды
18.12.2025 18:38
2026 жылғы Финалиссима қашан өтетіні белгілі болды

Қазіргі Еуропа чемпионы Испания мен Америка кубогының иегері Аргентина 27 наурызда өзара кім мықтыны анықтайды.
Екі құрлықтың үздігі күш сынасатын кездесу Қатардағы «Лусаил» стадионында болады.
Айта кетейік, бұл тарихтағы екінші Финалиссима болмақ. 2022 жылы өткен алғашқы турнирде Аргентина Италияны 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.