17.04.2026 13:59
Флик «Барселонада» қалады
17.04.2026 13:59
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик клубты әлі біраз жаттықтырады

Mundo Deportivo хабарлауынша, Каталонияның клубы онымен «1+1» жүйесі бойынша келісімшартқа отырғысы келеді. Қос тарап ауызша келісімге келіп қойды. Бірақ Флик жаңа құжатқа қол қоюға асық емес, ол маусым аяқталғанын күтпек. Ал қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
61 жастағы неміс маманы «блауграна» тізгінін 2024 жылдың мамыр айында ұстаған еді. 31 турдан кейін 79 ұпай жинаған оның командасы Испания Ла Лигасында көш бастап тұр.