17.06.2026 02:32
Франция – Сенегал матчының үздік ойыншысы белгілі болды
17.06.2026 02:32
Әлем чемпионаты бірінші турындағы Франция – Сенегал (3:1) матчының үздік ойыншысы белгілі болды

Ол бір нәтижелі пас берген «Бавария» вингері Майкл Олисе атанды. 24 жастағы ойыншы үш рет дриблингке барып, оның екеуі (67%) сәтті шықты. Сондай-ақ 57 пасының 51-і (89%) әріптесіне дәл жетті. Одан бөлек тоғыз мәрте допқа таласып, алтауында (67%) басым түсті.
Дидье Дешам шәкірттері келесі турда 22 маусым күні Иракпен ойнайды.