05.02.2026 08:26
Гави қашан оралады?
05.02.2026 08:26
«Барселона» жартылай қорғаушысы Гавидің жағдайы белгілі болды

21 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы айқыш байламын зақымдап алып, 23 қыркүйек күні ота жасатқан еді.
Mundo Deportivo хабарлауынша, ол алаңға осы айдың соңында оралады. Ал топтық жаттығуға бірер күннен кейін қосылады екен.
Гави осы маусымда екі матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.