04.02.2026 20:44

Тер Штегенге ота жасалады

04.02.2026 20:44

«Жиронада» жалда ойнап жүрген «Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штегеннің жағдайы белгілі болды

33 жастағы неміс голкипері «Реал Овьедоға» (0:1) қарсы матчта тізе астындағы сіңірін зақымдап алған еді.

Осыған байланысты оған жұма күні ота жасалатын болды. Соның салдарынан ол шамамен екі ай командасына көмектесе алмайды. Ал қатарға нақты қашан оралатыны операциядан кейін белгілі болады.

Тер Штеген 20 қаңтар күні «Жирона» сапына қосылған еді. Содан бері екі матчқа қатысып, екі гол өткізді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram