04.02.2026 17:33
Рубен Невеш «Әл-Хиләлде» қалды
04.02.2026 17:33
Рубен Невеш «Әл-Хиләлде» әлі біраз ойнайды

Қос тарап келісімшартты 2029 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.
28 жастағы Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Саудия клубына 2023 жылы «Вулверхэмптоннан» 55 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы аралықта 115 матчта 18 гол соғып, 30 нәтижелі пас берді.
Осыған дейін Невешке «Реал» және «Манчестер Юнайтедтің» қызығушылық білдіргені туралы қауесет тараған еді.