04.02.2026 15:42
Райан Шерки қатардан шықты
04.02.2026 15:42
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Райан Шерки қатардан шықты

22 жастағы француз «Тоттенхэмге» (2:2) қарсы матчта аяғынан соққы алыпты.
Осыған байланысты бүгін, 4 ақпанда «Ньюкаслға» қарсы ойнамайды.
Айта кетейік, Лига кубогының жартылай финалы аясында өтетін «Манчестер Сити» мен «Ньюкасл» арасындағы қарымта матч сағат 01:00-ге жоспарланған. «Ньюкаслдың» алаңында болған алғашқы кездесуде «қалалықтар» 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.