04.02.2026 18:39
Упамекано «Баварияда» қалады
04.02.2026 18:39
Дайо Упамекано «Баварияда» қалады

Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Оның айтуынша, бұл 100% расталған ақпарат екен. Мюнхеннің клубы жақында ресми хабарлауы керек.
27 жастағы француз қорғаушысы «Баварияға» 2021 жылы «Лейпцигтен» 42,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 26 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.