30.06.2026 04:39
Германия Әлем чемпионатынан ұшып кетті
30.06.2026 04:39
Әлем чемпионатының үшінші турында Парагвай Германияны қапы қалдырды

АҚШ-тың Фоксборо қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 42-минутта Хулио Енсисо есеп ашса, 54-минутта Кай Хаверц таразы басын теңестірді. Ал пенальти сериясында Парагвай 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ойынның бұл бөлігінде немістердің сапында Ник Вольтемаде мен Джонатан Та мүлт кетті.
Парагвай келесі кезеңде Франция – Швеция жұбының жеңімпазымен кездеседі.