15.06.2026 12:01
Германия Әлем чемпионатында ең көп гол соққан құрама атанды
15.06.2026 12:01
Германия Әлем чемпионатының бірінші турында Кюрасаоны 7:1 есебімен жеңді

Осылайша «бундестим» мундиаль тарихындағы 239-голын соғып, рекорд орнатты. Бұған дейін Бразилия 238 голмен көш бастап тұрған еді.
Сондай-ақ үздік он команданың қатарында Аргентина (152 гол), Франция (136), Италия (128), Испания (108), Англия (104), Нидерланд (98), Уругвай (89) және Венгрия (87) бар.
Айта кетейік, АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан жаһан додасы 19 шілдеге дейін жалғасады.