26.06.2026 22:12

Гонсалу Рамуш «Милан» ойыншысы атанады

26.06.2026 22:12

ПСЖ шабуылшысы Гонсалу Рамуш «Миланға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Ал трансфер құны бонустармен қоса есептегенде 50 миллион еуродан асады екен.

Бұл «Милан» тарихындағы ең қымбат трансфер болды. Бұған дейінгі рекорд 2019 жылы «Лилльден» 49,5 миллион еуроға ауысып келген Рафаэл Леауға тиесілі еді.

25 жастағы Португалия құрамасының форварды өткен маусымда 45 матчта 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram