14.04.2026 08:50

Гордон «Баварияға» ауысуы мүмкін

14.04.2026 08:50

«Ньюкасл» вингері Энтони Гордон мансабын «Баварияда» жалғауы мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Мюнхеннің клубы оны сатып алуды шындап қарастырып жатыр. «Бавария» Гордонды Луис Диасқа бәсекелес болатын ойыншы ретінде алғысы келеді. Қос тарап келіссөз жүргізуді бастап кетіпті, бірақ клубтар әлі бір-бірімен байланысқа шықпады. «Ньюкасл» болса басты жұлдызын сатқысы келмейді.

25 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram