13.04.2026 20:07
Кристиан Ромеро қатардан шықты
13.04.2026 20:07
«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро қатардан шықты

27 жастағы аргентиналық ойыншы Ағылшын Премьер-лигасының 32-турындағы «Сандерлендке» (0:1) қарсы ойында өзімен бір командадағы қақпашы Антонин Кинскимен соқтығысып, тізесін оңбай зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен 5-8 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды. Бірақ Әлем чемпионатына дейін емделіп үлгереді екен және Аргентина құрамасымен мундиальға барады.
Ромеро Лондон клубының намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 32 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.