13.04.2026 17:34

Чемпиондар лигасы матчтарына төрешілер тағайындалды

13.04.2026 17:34

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчтарына төрешілер тағайындалды

Атап айтсақ, «Ливерпуль» – ПСЖ (0:2) матчында бас төреші қызметін Маурицио Мариани (Италия) атқарады. «Атлетико» – «Барселона» (2:0) кездесуін Клеман Тюрпен (Франция) басқарады. «Бавария» – «Реал» (2:1) ойынын Славко Винчич (Словения) тізгіндесе, «Арсенал» – «Спортинг» (1:0) текетіресінде Франсуа Летексье (Франция) жұмыс істейді.

Матчтар 14-15 сәуір күндері өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram