13.04.2026 17:45

Мбаппе қатарға оралды

13.04.2026 17:45

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе қатарға оралды

Ол осыған дейін «Жиронаға» (1:1) қарсы матчта қабағын жарып алып, соны тіктірген еді. Бірақ уайымдайтындай дәнеңе жоқ. Мбаппе бүгін командамен жаттығуға қатысты және «Баварияға» қарсы матчқа дайын.

27 жастағы француз форварды осы маусымда 38 матчта 39 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Реал» мен «Бавария» арасында Мюнхенде өтетін қарымта матч 15 сәуірге жоспарланған. Мадридте өткен алғашқы кездесуде 2:1 есебімен немістер жеңіске жеткен еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram