09.11.2025 13:30
Гризманн рекорд жаңартты
09.11.2025 13:30
Гризманн Ла Лигада Мессидің рекордын жаңартты

«Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн Ла Лигада ерекше нәтиже тіркеді. Ол «Леванте» қақпасына алғашқы допқа жанасқан сәтінде-ақ, яғни ойынға кіргеннен кейін небәрі 28 секунд өткен соң гол соқты.
Бұл гол арқылы Гризманн бір бапкердің (Диего Симеоне) қол астында Ла Лигада ең көп гол соққан ойыншы атанды. Бұған дейін бұл көрсеткіш Лионель Месси мен Хосеп Гвардиоланың дуэтіне тиесілі еді.
«Атлетико Мадрид» өз алаңында «Левантені» 3:1 есебімен жеңді.