05.02.2026 08:49

Гвардиола «Ман Ситимен» қош айтысады

05.02.2026 08:49

«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола келер жазда клубтан кетуге ниетті

BBC хабарлауынша, оның командадағы болашағы бұлыңғыр. Пеп қалса да, 2027 жылы күшін жоятын келісімшартты ұзартпайды екен. Нақты шешім маусым соңына қарай қабылданады.

Гвардиола «қалалықтардың» тізгінін 2016 жылдың шілде айында ұстаған еді. Содан бері команда Чемпиондар лигасын жеңіп, Англияның алты дүркін чемпионы атанды. Одан бөлек тағы 10 трофей иеленіп, 2022/23 жылғы маусымда тарихи требл жасады.

Айта кетейік, 22 турдан кейін 47 ұпай жинаған «Манчестер Сити» Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram