05.06.2026 18:41

Ямаль Ла Лиганың үздік ойыншысы атанды

05.06.2026 18:41

«Барселона» вингері Ламин Ямаль Ла Лиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

18 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 28 матчта 16 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Осылайша Ламин жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Килиан Мбаппе («Реал»), Ведат Мурики («Мальорка»), Пабло Форнальс («Бетис») және Николя Пепені («Вильярреал») артқа тастады.

Бұған дейін Ханс-Дитер Флик («Барселона») үздік бапкер атанса, үздік жас ойыншы Карлос Эспи («Леванте») болған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram