05.06.2026 17:11
Перес Олисені «Реалға» алғысы келеді
05.06.2026 17:11
«Бавария» вингері Майкл Олисе әлі де «Реалға» ауысуы мүмкін

Осыған дейін «Реал» президенті Флорентино Перес оны сатып алмайтынын айтқан еді. Бірақ Хосе Феликс Диастың хабарлауынша, «бланкос» басшысы көпшілік алдында өтірік сөйлепті. Ол бұрынғыша Майклды өз командасында көргісі келеді және «Бавариядан» сатып алу үшін барын салмақ. Флорентино «Реалдың» шабуыл шебінде Олисе – Мбаппе – Винисиус үштігі болса деп армандайды.
24 жастағы француз ойыншысы осы маусымда 52 матчта 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.