05.06.2026 16:50
Серлот «Атлетикодан» кетеді
05.06.2026 16:50
«Атлетико» шабуылшысы Александер Серлот жазда клубтан кетеді

Массимо Мореттоның хабарлауынша, оған «Эвертон» қызығушылық танытуда. Бірақ өзі Испания немесе Италияның топ-клубына ауысқысы келеді. Ал Мадридтің клубы Серлотты 30 миллион еуроға бағалап отыр.
Сондай-ақ Александерге көз тіккендердің қатарында «Барселона», «Ювентус» және «Милан» бар.
30 жастағы норвегиялық форвард осы маусымда 54 матчта 20 гол соғып, бір нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.